22 мамыр

«БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ МЕН ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
Республикалық ғылыми-теориялық конференция

2025 жылғы 22 мамыр күні сағат 14:00-де ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен, «Ғылым Ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы мен Қазақстан Жазушылар Одағының қолдауымен белгілі балалар жазушысы, сыншы, әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Бекен Бекмұратұлы Ыбырайымның 75 жасқа толу мерейтойына арналған «Балалар әдебиеті мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

Конференцияның мақсаты – профессор Бекен Ыбырайымның қазақ әдебиеттану ғылымына және балалар әдебиетіне қосқан үлесін ғылыми тұрғыдан саралап, оның шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау. Сонымен қатар, қазіргі әдебиет пен әдебиеттану ғылымының маңызды бағыттарын, жаңаша зерттеу тәсілдері мен болашақ бағдарын талқылау.

Іс-шараға еліміздің әдебиеттанушы, өнертанушы ғалымдары, жазушылар, БАҚ өкілдері, сондай-ақ ғылыми қауымдастық өкілдері қатысады.

???? Өтетін орны: Алматы қаласы «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы (М.Төлебаев көшесі, 185 үй)
⏳ Уақыты: 2025 жыл, 22 мамыр, сағат 14:00

Байланыс үшін:
Мағазбеков Нұр Жандосұлы – баспасөз хатшысы
E-mail: nur_magazbekov@mail.ru

Scroll to Top