Балалар үйінің тәрбиеленушілері Қазақстан Жазушылар одағында

Бүгін «Облыстық қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы» КММ-нің тәрбиешісі Әсел Сыдықова бастаған әртүрлі сыныптағы балалар Қазақстан Жазушылар одағына келіп, одақтың тыныс-тіршілігімен танысты.

Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төрағасы Мереке Құлкенов балаларды қабылдап, оларға батасын беріп, ақ жол тіледі. Сондай-ақ, балаларға арналған кітаптарды сыйға тарту етті.

«Осы отырған Сіздердің араларыңыздан ақын-жазушы, ғалым, әлемге әйгілі тұлғалар шығарына сенемін. Алдағы уақытта тек сәттілік, жарқын болашақ, терең білім тілеймін. Қазақстан Жазушылар одағының есігі Өздеріңізге әрдайым ашық» — деді М. Құлкенов балаларға жүрекжарды лебізін білдіріп.

Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма Төрағасының орынбасары Ғалым Қалибекұлы балаларды Жазушылар одағының арғы-бергі тарихымен таныстырып, одаққа қарасты басылымдар мен әдебиетшілер үйін аралатты.

Кездесу соңында, балалар одақтың кішігірім дастарханында қонақ болып, артынша өз ризашылықтарын жеткізді.

Scroll to Top