Ғалым Қалибекұлы

Ғалым Қалибекұлы   1963 жылы 29 наурызда туған. Еларалық «Шалқар» газетінде бөлім редакторы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер, «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгеруші, «Әдебиет» баспа үйінде директор және Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, Төрағаның кеңесшісі  болып қызмет атқарды. Бүгінгі таңда Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, Аппарат жетекшісі.  
Республикалық жыр мүшайраларының жеңімпазы.  
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2012 ж.).  
Моңғолия Жазушылар одағының «Алтын қалам» сыйлығының лауреаты (2017 ж.).  
«Ерен еңбегі үшін» (2015 ж.) медалінің, «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» (2013 ж.), TURKSOY- дің «Халдұн Танер» атындағы медалінің иегері(2016 ж.).  
 Әлемдік Өнер және мәдениет академиясының академигі (2017ж.). 
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері(2024ж.) 
«Шерлі домбыра» (1997 ж.), «Өмір-ай!...» (2003ж.), «Тоқинақ» (2003ж.), «Ақ кербез» (2011ж.), «Үш тоғыс» (2013ж.), «Ақ көке» (2020ж. ), «Шеген» (2023ж.) қатарлы кітаптары жарық көрген.  
 
Байланыс телефоны: +7 701 326 40 39 
Электрондық адрес: aizhanar.ak@gmail.com  

ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ

Байланыс орталығы

Электронды почта

Әлеуметтік желілер

© Қазақстан Жазушылар Одағы

Қазақстан Республикасы, Алматы, Абылай хана 105

Scroll to Top