ТҮРІК ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАРЫ – Ақеділ Тойшанұлы

Аннотация

Ғылыми туынды түрік халықтарының әдет-ғұрыптарын, тарихи жырларын нысан еткендіктен ежелден тарихы бір, тамыры ортақ, үйірлес-бүйірлес өмір сүрген – қазақ, қырғыз, алтай, телеуіт, тува, шор, саха, қалмақ, бурят, қарақалпақ, ноғай, құмық, қарашай-балқар, татар, башқұрт, өзбек, әзербайжан,түрікмен, түрік сияқты көптеген бауырлас халықтардың мұралары зерттеудің тақырып мазмұнына сәйкес сұрыпталып алынып,жанрлық саралау жасалды, жанрішілік түрлері айқындалды, таралу аймағы, шығу тегі, көркемдік кестесі сарапқа салынды. Автор өзге тілдегі сирек кездесетін мәтіндерді қазақ тіліне аударып, ғылыми нысанға айналдырды. Ғалымның ҚХР, Моңғолия, Ресейдегі қазақтар арасына, Қазақстан, Қырғызстанға жасаған экспедиция материалдары кәдеге жарады.
Еңбек түрік елдерінің фольклоры, этнографиясы, ру хани мұрасын зерттеуші мамандарға, докторанттар мен ма гистранттарға,
этнопедагогикамен шұғылданатын ұстаздарға, халық мұрасына құмар жалпы оқырман қауымға арналады.

Scroll to Top