Мереке Құлкенов Астанадағы Мәдениет және ақпарат министрлгінің кеңейтілген алқа отырысына қатысты

Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысты. Жиында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 2025 жылғы атқарылатын жұмыстардың бағыт-бағдарына, мақсат-міндеттеріне тоқталды.

Аталмыш жиналыста биылғы өтетін мерейтойлардың жоспары айтылды. Соның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Конституцияның 30 жылдығы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтпек. Сонымен қатар қазақтың ұлы тұлғалары Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы, Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығы, Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы және басқа да көрнекті тұлғалардың мерейтойлары кең көлемінде кеңінен аталып өтетіндігі айтылды.

Қазақстан Жазушылар одағының
Баспасөз қызметі

Scroll to Top