Еңбектің жемісі — абыройлы зейнет!

12 ақпан Қазақстан Жазушылар одағының шаруашылық саласында көп жылдар бойы қызмет еткен Тілеужан Әкімжанұлына құрмет көрсетілді. Ұзақ жылдық адал еңбегін жоғары бағалап, Жазушылар одағының Төрағасы Мереке Құлкенов иығына шапан жауып, «Құрмет грамотасымен» марапаттады.

Ол көп жылдардан бері Жазушылар одағы ғимаратының қара жұмысына жанын салып, әрдайым өз ісіне жауапкершілікпен қарап, ұйымға сыйлы болып келе жатқан азамат.

Жазушылар одағының ұжымы Тілеужан Әкімжанұлын зейнетке шығуымен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, отбасына амандық, ұзақ ғұмыр тіледі.

Қазақстан Жазушылар одағының
Баспасөз қызметі

Scroll to Top