Алғыс айту күні құтты болсын!

Құрметті отандастар!

Сіздерді бірлік пен мейірімнің жарқын символына айналған Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – ел ішінде өзара құрмет пен жанашырлықты дәріптейтін, бір-бірімізге ризашылық білдіретін ерекше күн. Қазақ халқының қонақжайлығы мен кең пейілі, қиын-қыстау кезеңдерде көрсеткен қолдауы – бауырмалдық пен бірліктің айқын үлгісі.

Алғыс айту күні – ынтымақ пен достықты нығайтуға, ел игілігі жолындағы ортақ еңбекті бағалауға үндейді. Бізді біріктіретін – татулық пен өзара түсіністік, бейбіт өмірге деген ортақ ұмтылыс.

Қазақтың дархан даласында тамыр жайған түрлі этнос өкілдерінің бірлігі – еліміздің ең қымбат қазынасы. Осы құндылықтарды сақтау мен нығайту – баршамыздың ортақ парызымыз.

Еліміздің гүлденуі жолында еңбек етіп жүрген әрбір азаматқа шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздерге амандық, береке-бірлік, мол бақыт пен табыс тілеймін!

Еліміз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Ізгі ниетпен,
Мереке Құлкенов
Қазақстан Жазушылар одағының
Басқарма Төрағасы

Scroll to Top