Қасиетті Рамазан құтты болсын!

Құрметті қаламгерлер!
Қымбатты мұсылман бауырлар!

Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл ай – мейірім мен кешірімнің, қайырымдылық пен рухани жаңарудың айы. Рамазан айында адамгершілік құндылықтар дәріптеліп, қоғамдағы өзара қамқорлық пен бірлік одан әрі нығая түседі.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Рамазан айы – рухани тазару мен жақсылыққа бастайтын берекелі уақыт. Бұл қасиетті кезең адамгершілік құндылықтарды дәріптеп, ізгі амалдар арқылы қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті нығайтуға шақырады», – деп атап өткен болатын.

Қазақ қаламгерлері қашанда қоғамның рухани дамуы мен ұлттық құндылықтарды насихаттауда алдыңғы шепте келеді. Осы қасиетті айда бір-бірімізге демеу болып, игі істерде белсенділік танытайық.

Оразаларыңыз қабыл болсын!

Ізгі ниетпен,
Қазақстан Жазушылар одағының
Басқарма Төрағасы
Мереке Құлкенов

Scroll to Top