
Аннотация
Автордың бұл кітапқа енген «Бас кейіпкер» атты хикаятындағы барлық оқиға Шымкент қаласында өтеді. Повестің ерекшелігі сонда, «Бас кейіпкер» деп аталғанмен негізгі орталық кейіпкер жоқ. Шығарма Тыныштық апаның ойларынан бастау алып, сол кісінің әулетінде болған оқиғалар тізбегі сөз етіледі. Олардың арақатынасы, пікір алмасулары, өмірдегі күрделілік пен қарапайымдылық арасындағы тепе-теңдік өте әсерлі суреттеледі. Кітапқа қосымша енген «Түс көрмейтін» хикаяты ашаршылық кезіндегі Түркістан облысындағы жағдай, халықтың басынан өткен нәубеті суреттеледі. Автордың шығармаларының тілі жатық, сөз таңдауы, сөйлем құрауы, жергілікті диалектті қолдануы оқырман психологиясына ерекше әсер етеді. Кітап қалың оқырманға арналып жазылған, үлкен де, жасөспірім де қызыға оқиды.
