Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төрағасы Мереке Құлкенов заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заңгер-жазушы Есберген Алаухановқа Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын салтанатты түрде табыстады.
Марапаттау барысында Мереке Құлкенов қаламгердің заң ғылымындағы терең білімі мен көркем әдебиеттегі қалам қуатының үйлесімді сабақтастығына ерекше тоқталып, бұл сыйлықтың иесіне толық лайық екендігін атап өтті. Сонымен қатар ол Есберген Алаухановтың жазушылар қауымымен етене араласып, әдеби ортада белсенді де жүйелі түрде қызмет етіп келе жатқанын жоғары бағалап, шығармашылық табыс тіледі.
Айта кету керек, Жазушылар одағының Әдеби жыл қорытындысы кезінде Есберген Алауханов шетелде іссапарда болуына байланысты марапатты тапсыру сәті бүгінге түсті.

