«ТМД ЕЛДЕРІНІҢ АРХИВТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАЗУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ»

Жобаның талаптары:
– Жобаға қатысуға еліміздің барлық аумағында тұратын жазушылар өтінім бере алады (жас шектеуі жоқ);
– Өтінім беруші Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болуы міндетті.

Жобаның іске асу кезеңдері:
– Қазақстан Жазушылар одағы архив жұмысын қамтамасыз ету, алынған материалдарды жүйелі өңдеу, оларды жалпылау және сапалы талдау жүргізу мақсатында Архив материалдарын зерделеу жөніндегі ақпараттық орталық құрады.
– Қазақстан Жазушылар одағы жанынан құрылатын комиссия талапкердің шығармашылық өмірбаянын (шығарған кітаптары мен марапаттары, жеткен жетістіктері) саралау арқылы жобаға қатысушылардың тізімін бекітеді.
– Жеңімпаз атанған қатысушылар ТМД елінің белгілі бір қаласындағы архив мекемесіне жіберіледі.
Қаламгердің іссапар шығыны мен қаламақысы ұйымдастырушылар тарабынан төленіп, кітабы жарық көреді.
Комиссия шешімі қайта қарауға жатпайды.

Жобаның мақсаты – ТМД елдерінің мұрағаттарында Қазақстанның мәдениеті мен әдебиеті бойынша жаңа мұрағаттық материалдарды анықтап, зерттеулер жүргізу және Қазақстанның мәдениеті мен әдебиеті бойынша ТМД елдерінің мұрағат материалдары негізінде ғылыми-танымдық, ғылыми-зерттеу немесе очерк сипатындағы кітаптар немесе архивтік материалдар жинақтарын шығару;
Өтінімдер осы хабарландыру жарық көрген күннен бастап, 2025 жылғы 1-шілдеге дейін келесі тізбек бойынша қабылданады:

  1. Өтінім;
  2. Талапкердің шығармашылық өмірбаяны;

Өтінімдер Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 105-үй,
26-кабинет мекен-жайына,
немесе jazushylar_odagy@mail.ru электрон поштасына жіберілуі керек.

Scroll to Top