20-21 қыркүйек

20-21 қыркүйек күндері Алматы қаласындағы Арбат алаңында еліміздегі ең ауқымды кітап жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі.

Екі күнге созылатын кітап жәрмеңкесі сағат 10:00-20:00 аралығында өтеді. Жәрмеңкеге 60-тан астам кітап баспасы мен кітап дүкендері қатысады деп жоспарланып отыр. Оқырмандар мен қала тұрғындары үшін арнайы 3 шатыр құрылып, шатырларда ақын-жазушылармен кездесулер, жаңа кітаптардың таныстырылымы мен шеберлік сағаттары өтеді.

Сонымен қатар, тақырыптық фотозоналар мен TikTok, Instagram, YouTube стиліндегі жарқын контент аймақтары да орналастырылады. Кітаптарға айтарлықтай жеңілдіктер мен сүйікті ертегілер бойынша квесттер де осында!

Отбасыңызбен бірге келіп, шығармашылық пен кітаптың атмосферасына еніңіздер!

Scroll to Top