Хамит Ерғалиевке ескерткіш орнатылды

Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Халық жазушысы Хамит Ерғалиевтің құрметіне ескерткіш ашылды.

Қазір ақынның есімімен аталатын бұрынғы Қамысқала ауылына орнатылған ескерткіштің ашылуына Хамит Ерғалиевтің туыстары мен немересі Айдар Мұратұлы арнайы қатысты.

Ескерткіштің ашылу рәсімі барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды. Арнайы ұйымдастырылған көрмеге қаламгер тұтынған жазу машинкасы, көзілдірігі мен қаламсабы, фотосуреттері қойылды.

Scroll to Top