Ж.Нәжімеденов атындағы республикалық көркемсөз оқу байқауы өтті

Қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні авторларының бірі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жұмекен Нәжімеденов атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің «Ұрпағым саған айтам…» Республикалық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты — ақынның әдеби мұрасын жастар арасында насихаттау, оның шығармашылығы арқылы адамгершілікке, ұлттық рухқа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен қатысушылар жиналып, поэзиялық шығарма және прозалық шығарма номинациясы бойынша бақ сынады.

Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Көркем Дүйсенбаева (Маңғыстау облысы), І орынды Елдос Құлшарап (Атырау облысы), ІІ орынды Ләззат Мүсілім (Шымкент қаласы) және Айжан Бөлекбаева (Атырау қаласы), ІІІ орынды Владислав Горизанов (Қарағанды облысы), Ақберен Жолдасбек (Түркістан облысы), Айнұр Нұрбек (Жамбыл облысы) иеленді.

Scroll to Top