Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағының жыл қорытындысы өтеді. Кездесуде Қазақстан Жазушылар одағының бір жылдық жұмысы қорытындыланады.

Шара аясында «Түркі әлемінің әдебиеті» жобасы бойынша жарық көрген 4 жаңа кітаптың, «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шыққан 2 кітаптың, сондай-ақ жас қаламгерлердің 20 кітабының тұсаукесері өтеді.
Жыл қорытындысына еліміздің белгілі ақын-жазушылары, әдебиеттанушылар, зиялы қауым өкілдері, жас авторлар мен БАҚ өкілдері қатысады.
Ұйымдастырушылар: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Жазушылар одағы
Өтетін жері: Астана қаласы, Ұлттық академиялық кітапхана
Өтетін уақыты: 20 желтоқсан, 15:00
Қазақстан Жазушылар одағының Баспасөз қызметі
