✍️Қазақстан Жазушылар одағы мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтіп жатқан «Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» өзінің екінші күнін жалғастырды.


Бүгін жас қаламгерлерге Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма Төрағасының орынбасары, жазушы Бейбіт Сарыбай мен әдебиеттанушы ғалым, PhD, зерттеуші Айнұр Ахметова дәріс оқыды.
