«Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» жобасының сегізінші оқу күні мазмұнды дәрістерге ұласты.
Бүгін жас қаламгерлерге халықаралық деңгейдегі қаламгерлер мен ғалымдар дәріс оқыды.
Сабақ барысында Өзбекстанның Халық жазушысы, публицист, драматург және сценарист Еркін Азам, әзірбайжан ақыны, эссеист, аудармашы, «Повелья Мораве» халықаралық әдеби сыйлығының иегері Фарид Хусейн, ғалым, филолог, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжан және публицист, жазушы, сыншы Әмірхан Меңдеке өз тәжірибелерімен бөлісті.



Дәрістер барысында әдеби шығармашылықтың қыр-сыры, қазіргі әдеби үдеріс, тіл мен сөз өнерінің маңызы, аударма саласы және қаламгердің кәсіби ізденісі туралы кеңінен сөз болды.
Жас авторлар оқытушылардың ой-пікірлерін тыңдап, шығармашылық бағытта құнды тәжірибе жинақтады.
«Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» аясындағы дәрістер әдебиеттің әртүрлі бағыттары бойынша жалғасуда.
Қазақтан Жазушылар одағының
Баспасөз қызметі
