«Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасына өтінімдер қабылдау басталды

2024 жылдан бері Қазақстан Жазушылар одағы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігімен стратегиялық әріптестік аясында «Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасы жыл сайын тұрақты түрде өткізіп келеді. Биыл да аталған жоба жалғасын тауып отыр.
Жас қаламгерлер назарына «Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасына құжаттар қабылдау басталғанын ескерте отырып, жобаға қатысуға шақырамыз.
 
Жобаның талаптары:
– Жобаға қатысуға еліміздің барлық аумағында тұратын жас қаламгерлер (18-35 жасқа дейін) өтінім бере алады;
– Өтінім беруші Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болуы міндетті емес.
 
Жобаның іске асу кезеңдері:
– Қазақстан Жазушылар одағы жанынан құрылатын комиссия талапкердің шығармашылық өмірбаянын (шығарған кітаптары мен марапаттары, жеткен жетістіктері) саралау арқылы жобаға қатысушылардың тізімін бекітеді.
– Тізімге енген жас қаламгерлер еліміздің әр облысына өңірдің тарихы, мәдениеті мен бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысу, жазатын шығармасына ақпарат жинау үшін шығармашылық іссапарға жіберіледі.
Қаламгердің іссапар шығыны мен қаламақысы ұйымдастырушылар тарабынан төленіп, кітабы жарық көреді.
Комиссия шешімі қайта қарауға жатпайды.
 
Жобаның мақсаты – жас қаламгерлерді қолдау, Қазақстанның әр аймағының тарихы мен мәдениетін бүгінгі күнмен ұштастыра отырып, Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасын жасау.
Өтінімдер осы хабарландыру жарық көрген күннен бастап, 2026 жылғы 1 шілдеге дейін келесі тізбек бойынша қабылданады:
1. Өтінім;
2. Талапкердің шығармашылық өмірбаяны;
3. Белгілі қаламгер немесе Қазақстан Жазушылар одағы облыстық өкілінің қолы қойылған ұсыныс.
 
Өтінімдер Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 105-үй,
26-кабинет мекен-жайына,
немесе jazushylar_odagy@mail.ru электрон поштасына жіберілуі керек.

Scroll to Top