Қазақ әдебиетінің классигі Омарғазы Айтанұлының 5 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтеді!

Құрметті оқырман қауым!
Сіздерді қазақ әдебиетінің классигі, ақын, жазушы әрі драматург Омарғазы Айтанұлының көп томдық шығармалар жинағының салтанатты тұсаукесеріне шақырамыз!
Өтетін орны мен уақыты:
— 2026 жылғы 20 қараша, сағат 15:00
— ҚР Ұлттық кітапханасы, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 14
Ұйымдастырушылар:
Қазақстан Жазушылар одағы, Қожаберген батыр қоғамдық қоры,
ҚР Ұлттық кітапханасы.
Барша әдебиетсүйер қауымды осы рухани шараға қатысуға шақырамыз!
