Арман Қырықбаев шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен және жастармен Президент Жолдауын, кітап оқу мәдениетін дамыту мәселелерін талқылады

Алматы қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен және жастармен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі бағыттары, ұлттық мәдениетті дамыту, әдебиетті қолдау және зерделі ұлт қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Кездесуге елімізге белгілі ақын-жазушылар, мәдениет және өнер қайраткерлері, жас қаламгерлер мен креативті индустрия өкілдері қатысты.

Министр Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған міндеттерге тоқталып, оларды іске асыруда цифрландырудың және жастардың белсенді қатысуының маңызын атап өтті.

Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі

Scroll to Top