
Қазақстан Жазушылар одағы – Қазақстан Жазушыларының жұмысын ұйымдастырып, басшылық жасайтын қоғамдық ұйым.
Алғашында 1925 жылы 12 шілдеде Қазақстан пролетариат жазушыларының ассоциациясы болып құрылған. Оның алғашқы төрағасы С.Сейфуллин болған. 1932 жылы Қазақстанның Кеңестік Жазушылар одағы ұйымдастырылады. Қазақстан Кеңес Жазушыларының I сьезі 1934 жылы 12-18 маусым аралығында Алматы қаласында өтіп, онда Ілияс Жансүгіров Жазушылар одағының Төрағасы болып сайланады. Қазақстан Жазушылар одағының құрылған мерзімі осы мезгілден бастап аталып жүр.
Онан бергі жылдарда Қазақстан Жазушылар одағының
• II съезі 1939 жылы 21-27 маусым аралығында;
• III съезі 1954 жылы 3-8 қыркүйек аралығында;
• ІV съезі 1959 жылы 9-11 наурыз аралығында;
• V съезі 1966 жылы 18-20 мамыр аралығында;
• VI съезі 1971 жылы 26-27 мамыр аралығында;
• VII съезі; 1976 жылы 14-15 сәуір аралығында;
• VIII сьезі 1981 жылы 15-17 сәуір аралығында;
• IX съезі 1986 жылы 10-11 сәуір аралығында;
• X сьезі 1991 жылы 4-5 қыркүйек аралығында;
• XI сьезі 1996 жылы 28-29 маусым аралығында;
• XII сьезі 2002 жылы 27 сәуір күні;
• XIII съезі 2007 жылы 6 маусым күні;
• XIV съезі 2012 жылы 24 қыркүйек күні;
• ХV сьезі 2018 жылдың 12 наурыз күні;
• ХVI съезі 2 мамыр 2023 жылы өтті.
Осы кезеңдерде Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының Төрағасы болып мына қаламгерлер сайланған;
• Ілияс Жансүгіров (1932-1935ж.ж),
• Ғаббас Тоғжанов (1935-1936 ж.ж),
• Сәбит Мұқанов (1936-1937, 1943-1951 ж.ж),
• Мұхамеджан Қаратаев (1937-1938 ж.ж),
• Дихан Әбілев (1938-1939 ж. ж),
• Әбділдә Тәжібаев (1939-1943 ж.ж),
• Ғабиден Мұстафин (1953-1956, 1962-1964 ж.ж),
• Ғабит Мүсірепов (1956-1962, 1964-1966 ж,ж),
• Әди Шәріпов (1966-1971 ж.ж),
• Әнуар Әлімжанов (1971-1979 ж.ж),
• Жұбан Молдағалиев (1979-1983 ж.ж),
• Олжас Сүлейменов (1983-1991 ж.ж),
• Қалдарбек Найманбаев (1991-1996 ж.ж),
• Нұрлан Оразалин (1996-2018 жыл),
• Ұлықбек Есдәулет (2018-2023жыл),
• Мереке Құлкенов (2023 жылдан).
Бүгінгі таңда Қазақстан Жазушылар одағының 1010 мүшесі бар. Оның 400-і Алматы қаласында, 180-і Астана қаласында, қалғандары облыстарда тұрады.
Қазақстан Жазушыларының ұлттық құрамы қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек, күрд, кәріс, шешен, белорус, татар, неміс қаламгерлерінен тұрады. Қазақстан Жазушылар одағының елімізде қалалық және облыстық өкілдіктері жұмыс істейді. Қазақстан Жазушылар одағының жанында 15 жанрлық кеңестер мен Қабылдау комиссиясы бар. Атап айтқанда: проза кеңесі, поэзия кеңесі, сын кеңесі, сатира кеңесі, көркем аударма кеңесі, фантастика кеңесі, жастар әдебиеті кеңесі, ұйғыр әдебиеті кеңесі, орыс әдебиеті кеңесі, шетелдегі қазақ әдебиеті кеңесі, халықаралық әдеби байланыс жөніндегі комиссия, т.б. комиссия, Жазушылар одағына мүшелікке қабылдау комиссиясы жұмыс істейді.
Қазақстан Жазушылар одағының жанрлық кеңестерінде жазушылардың шығармашылық есебі тыңдалады. Жарық көрген жаңа кітаптарды талқылау өтіп тұрады. Лайық деген шығармаларды түрлі сыйлықтарға ұсынып отырады. Жазушылар Одағында жыл сайын қайтыс болғандары бар, қатарда жүргендері бар жүздеген ақын-жазушылардың мерейтойлары өтіп тұрады.
Жазушылар Одағы қайтыс болған қаламгерлердің қаралы жиынын өткізіп, тұрған үйлеріне ескерткіш тақта орнатуға, көше немесе мектеп атын беруге, олардың есімін ел есінде қалдыруға арналған басқа да шараларға мұрындық болады. Қаламгерлердің кітаптарын Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан мемлекеттік тапсырыспен шығаруға көмектесіп отырады. Жазушыларды мемлекеттік наградаларға, сыйлықтарға, степендияға ұсынады. Жазушылар одағы жылына бір рет шыққан кітаптарына немесе әдебиеттегі еңбегі үшін өз қаламгерлері мен қоса шетелдік қаламгерлерге Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын тағайындайды. Қазақстан Жазушылар Одағы алыс жақын шетелдердің Жазушылар одағымен халықаралық байланыс жасап, түрлі елдерде өтетін әдеби форумдарға барып-келіп, араласып тұрады.
Қазақстан Жазушылар одағының құрылтайшылығымен «Қазақ әдебиеті» газеті, «Жұлдыз», «Простор» журналдары жарық көреді.
«Қазақ әдебиеті» газеті 1934 жылдың 10 қаңтарынан бастап шығады. Қазіргі таралымы (тиражы) 14779.
«Жұлдыз» журналы 1922 жылдан бастап шығады. Қазіргі таралымы (тиражы) 5 105.
«Простор» журналы 1933 жылдан бастап шығады. Қазіргі таралымы (тиражы) 1100.
Қазақстан жазушылар одағы басқармасының
Төрағасы болған ақын-жазушылар

Сәкен Сейфуллин
(1925 – 1929)

Ілияс Жансүгіров
(1932 – 1935)

Ғаббас Тоғжанов
(1935 – 1936)

Сәбит Мұқанов
(1936 – 1937, 1943 – 1951)

Мұхамеджан Қаратаев
(1937 – 1938)

Дихан Әбілов
(1925 – 1929)
Қазақстан жазушылар одағы басқармасының
Төрағасы болған ақын-жазушылар

Әбділдә Тәжібаев
(1939 – 1943)

Әбдірахим Жаймурзин
(1951 – 1953)

Ғабиден Мұстафин
(1953 – 1956, 1962 – 1964)

Ғабит Мүсірепов
(1956 – 1962, 1964 – 1966)

Сәкен Сейфуллин
(1966 – 1971)

Әнуар Әлімжанов
(1971 – 1979)
Қазақстан жазушылар одағы басқармасының
Төрағасы болған ақын-жазушылар

Жұбан Молдағалиев
(1979 – 1983)

Олжас Сүлейменов
(1983 – 1991)

Қалдарбек Найманбаев
(1991 – 1996)

Нұрлан Оразалин
(1996 – 2018)

Ұлықбек Есдәулет
(2018)


Қасымхан Бегманов
Қазақстан Жазушылар Одағының Басқарма Төрағасының Орынбасары
Қасымхан Бегманов – көрнекті ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат", "Құрмет" ордендерінің иегері.
Толығырақ

Ғалым Қалибекұлы
Қазақстан Жазушылар Одағының Басқарма Төрағасының Орынбасары
1963 жылы 29 наурызда туған.
Еларалық «Шалқар» газетінде бөлім редакторы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер.
Толығырақ

Жұмақұлова Гауһар Валиқызы
Бас бухгалтер
1970 жылы 19 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Ақсаут ауданында дүниеге келдім. 1987 жылы Ақсуат қазақ орта мектебін бітірген.
1987-1989 жылдары Ақсуат аудандық «Айгөлек» балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс жасаған.
Толығырақ

ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ
Байланыс орталығы
Электронды почта
© Қазақстан Жазушылар Одағы
Қазақстан Республикасы, Алматы, Абылай хана 105