
Қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, Қазақстанның Еңбек Ері,
Қазақстанның халық жазушысы,
Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,
Франц Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың иегері,
драматург, жазушы, Әкім Үртайұлы Тарази
2025 жылғы 22 сәуірде 91 жасқа қараған шағында дүние салды.
Әкім Үртайұлы Тарази — қазақ прозасына, драматургиясына және киноөнеріне ерекше қолтаңба қалдырған, терең философиялық мазмұнмен астасқан көркем шығармаларымен танымал тұлға. Оның «Тасжарған», «Қиянат», «Шер», «Мұстафа Шоқай» сияқты романдары мен көптеген пьесалары қазақ әдебиетінің алтын қорына енді.
Ұзақ жылдар бойғы шығармашылық, ұстаздық және қоғамдық еңбегімен ел жадында қалды. Қаламгердің өмірі мен еңбегі — кейінгі буын үшін үлкен мектеп.
Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, жақын-жуықтарына қайғырып көңіл айтамыз.
Жаны жәннатта, иманы саламат болсын.