Алдан Смайылдың 80 жас мерейтойына арналған конференция өтті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде көрнекті қаламгер, драматург, қоғам қайраткері Алдан Смайылдың 80 жасқа толуына орай ғылыми-әдеби конференция өтті.

Мерейтойлық конференция барысында қаламгердің қазақ әдебиеті мен руханиятына қосқан үлесі, шығармашылық мұрасы және қоғамдық қызметі кеңінен сөз болды.

Осы айтулы мерейтойға орай Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкеновтің құттықтау хатын Астана қаласындағы Қазақстан Жазушылар одағының филиалының директоры Бауыржан Бабажанұлы табыстады. Құттықтауда мерейтой иесінің ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамытуға сіңірген еңбегі, шығармашылық жолы мен азаматтық болмысы атап өтілді.

Конференция Алдан Смайылдың әдеби мұрасын зерделеп, қаламгердің қазақ руханиятындағы орнын айқындауға бағытталған маңызды басқосу болды.

Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі

Scroll to Top