Алматы қаласының Құрметті азаматы, белгілі ғалым және қоғам қайраткері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Асле Әлиқызы Осман II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.

Алматы қаласының Құрметті азаматы, белгілі ғалым және қоғам қайраткері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Асле Әлиқызы Осман II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен берілген жоғары мемлекеттік награданы Президенттің атынан Алматы әкімі Дархан Сатыбалды табыстады. Мемлекеттік награданы табыстау рәсіміне Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкенов қатысты.

Асле Осман Мемлекеттік тіл қауымдастығын басқарады және ұзақ жыл бойы қазақ тілін дамытуға және дәріптеуге, ұлттық құндылықтарды насихаттауға, қоғамдық келісімді нығайтуға атсалысып келеді. Ол 200-ден астам ғылыми және аударма мақаланың авторы.

Мемлекет басшысы оның мемлекеттік тілді дамытуға, тұрақтылықты сақтауға және қоғам бірлігін нығайтуға қосқан үлесіне жоғары баға берді.

Дархан Сатыбалды Асле Османның Алматының қоғамдық және мәдени өміріндегі ерекше рөлін атап өтті. Мереке Құлкенов те Асле Әлиқызының қазақ тілін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, мемлекеттік награда алуымен құттықтады.

Асле Османға бұған дейін де белсенді қызметі үшін Алматы қаласының құрметті азаматы атағы берілген. Сондай-ақ, ол II дәрежелі «Достық» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.

Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі

Scroll to Top