Республикалық байқауға жас шамасына қарамастан поэзия, проза, драматургия, әдеби сын, сатира, балалар әдебиеті, көркем аударма жанрында жазылған үздік шығармалардың авторлары қатыса алады.
Байқау жеңімпаздарына төмендегі номинациялар бойынша Жамбыл облысы әкімінің жүлделері беріледі:
-«Поэзия» номинациясы бойынша ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ атындағы жүлде;
-«Проза» номинациясы бойынша БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ атындағы жүлде;
-«Драматургия» номинациясы бойынша ӘЛДИХАН ҚАЛДЫБАЕВ атындағы жүлде;
-«Әдеби сын» номинациясы бойынша НЕСІПБЕК ДӘУТАЙҰЛЫ атындағы жүлде;
-«Сатира» номинациясы бойынша ШОНА СМАХАНҰЛЫ атындағы жүлде;
-«Балалар әдебиеті» номинациясы бойынша СОВЕТ ӘЛІМҚҰЛОВ атындағы жүлде;
-«Көркем аударма» номинациясы бойынша ШЕРХАН МҰРТАЗА атындағы жүлде;
Байқауға қатысу үшін өтінімдер 2025 жылдың 5 қараша – 5 желтоқсан аралығында ualihanov_kitaphana@mail.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша сұрақтар бойынша байланыс номерлері: 8 705 327 23 24 — Ғалия
8 707 742 47 12 — Камшат
