Осындай атаумен ҚР Ұлттық кітапханасында салтанатты шара өтті. Шара барысында 25 қазан – Республика күні қарсаңында бірқатар азамат Мәдениет және ақпарат министрлігінің марапатына ие болды.

Сала мамандарына «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі мен Құрмет грамоталарын Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Қалибекұлы табыстады.
Шарада Алматы қаласы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі И.А. Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасының қызметкері Құдыспекова Гүлназ Қадырбекқызы және ақын Зұлқаршын Гүлнұр «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, Қазақстан Жазушылар одағы сатира кеңесінің хатшысы, сатирик Зұлхарова Үміт Өтегенқызы Құрмет грамотасымен марапатталды.
