
Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкенов Өзбекстан Республикасының жоғары мемлекеттік наградаларының бірі – «Достық» орденімен марапатталды.


Марапаттау рәсімі Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығында өтті. Марапатты Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің атынан Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, жазушы Хайриддин Сұлтанов табыс етті. Салтанатты рәсім барысында Хайриддин Сұлтанов Өзбекстан Президентінің Мереке Құлкеновке жолдаған құттықтау хатын оқып берді.

Бұл жоғары марапат — Мереке Құлкеновтің қазақ әдебиеті мен мәдениетін дамытуға, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әдеби-мәдени байланыстарды нығайтуға, екі елдің рухани ынтымақтастығын арттыруға қосқан елеулі үлесінің жоғары бағалануының белгісі.
Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі
