ҚР Жазушылар одағының Төрағасы Мереке Құлкеновтің
Қазақ тілі қоғамының VIII құрылтайынан кейін журналистерге берген сұхбатынан:» Тіл – біздің ең қасиетті, ең киелі құндылығымыз. Ол – халықтың рухани тұтастығының, ұлттың өміршеңдігінің кепілі. Тілсіз ешбір мемлекет, ешбір қоғам дамыған емес. Қазақ тілі – біздің болмысымыз, елдігіміздің негізі.
Бүгінде тілдің қоғамдағы орнын нығайту, оның әлеуетін кеңейту – баршамыздың ортақ міндетіміз. Әсіресе, қазақ тілінің тәрбие құралы ретіндегі рөліне баса мән берген жөн. Өйткені тіл – ұлттың рухани әлемін қалыптастыратын басты күш. Бұл бағытта балабақшадан бастап, мектепке дейін, телеарналардан бастап, отбасы тәрбиесіне дейін қазақ тілін дәріптеу аса маңызды.
Мен бұл сөзімді нақты бір мысалмен толықтырғым келеді. Былтыр Моңғолияға сапарлай барғанымызда бір отбасының үйіне ат басын бұрдық. Сол шаңырақтың балалары біздің «Балапан» арнасын көріп отыр екен. Бұл – тіліміздің шекарадан асып, өзге елдерде де қолданылып жатқанын, оған деген құрметтің жоғары екенін көрсетеді. Демек, қазақ тілін үйрету мен дәріптеуді ең алдымен бала тәрбиесінен бастауымыз қажет.
Қазақ тіліне деген құрмет – ұлтқа деген құрмет. Осы жолда аянбай еңбек етіп жүрген Қазақ тілі қоғамының жұмысына ерекше ризашылығымызды білдіреміз. Қоғамның бастамалары мен атқарған игі істері мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге қосқан өлшеусіз үлес».
