Қадірлі ағайын!
Сіздерді табиғат түрленетін, күн мен түн теңелетін, ынтымақ пен ырыстың, береке мен бірліктің бастауына айналған Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – сан ғасырлық дәстүрі бар, қазақ халқының өмірімен біте қайнасқан, тіршіліктің оянуын, жаңару мен жасампаздықтың салтанат құруын білдіретін ұлы мейрам. Бұл күн – көктемнің алғашқы лебімен бірге ел жүрегіне үміт пен сенім, шаттық пен қуаныш сыйлайтын ерекше сәт.
Ата-бабадан жеткен осы игі дәстүр бүгінде халқымыздың рухани тұғырын биіктетіп, бірлік пен татулықтың туын желбіретіп келеді. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Жаңа жылда әр шаңыраққа бақ-береке, ырыс пен молшылық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ізгі тілекпен,
Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төрағасы
Мереке Құлкенов
