2026 жылғы 19 қарашада «Сөз өнері: Түгел Түркінің төрі – Маңғыстау» атты республикалық әдеби форум аясында елімізге белгілі ақын-жазушылар, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенттерімен кездесу өткізді.

«Қаламгер және ұрпақ: руханият сабақтастығы» тақырыбындағы кездесуде қаламгерлер мен жас буын өкілдері арасында әдебиет, сөз өнері және шығармашылық бағытында мазмұнды әңгіме өрбіді.

Қаламгерлер өздерінің шығармашылық жолы мен әдеби тәжірибелері туралы ой бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында ұлттық әдебиеттің маңызы, кітап оқу мәдениеті және жас ұрпақтың рухани дамуы жөнінде пікір алмасты.



Мұндай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, қаламгерлер мен оқырман арасындағы рухани байланысты нығайтуға ықпал етеді.
Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі
