Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында еліміздің ақпарат, ғылым және мәдениет салаларында жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар азамат мемлекеттік марапаттарға ие болды.



Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен белгілі ақындар Ертай Ашықбаев пен Амантай Шәріпке «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы, белгілі әдебиет сыншысы Әмірхан Меңдекеге «Құрмет» ордені берілді.
Әріптестерді айтулы марапат иесі атануларымен шын жүректен құттықтаймыз!
Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі
