Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкенов чувашиялық жазушы, педагог, аудармашы және зерттеуші, Чуваш Республикасының Жазушылар одағының және Ресей Жазушылар одағының мүшесі Елизавета Долгованы қабылдады



Кездесу барысында екі ел арасындағы әдеби-мәдени байланысты нығайту, екі ел әдебиетінің өзара ықпалдастығын арттыру мәселелері талқыланды. Тараптар қазіргі әдеби үдеріс, қаламгерлер ынтымақтастығы, аударма саласын дамыту және бірлескен шығармашылық жобаларды жүзеге асыру жайында пікір алмасты.
Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов қаламгерге алғысын білдіріп, екі ел арасындағы тарихи-мәдени үндестіктің маңызды екенін атап өтті. Ол Қазақстан әдеби қауымдастығының халықаралық деңгейде ынтымақтастық орнатуға қашанда ашық екенін жеткізді.
Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі
