Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облысының музейлер бірлестігімен ынтымақтастық меморандумға қол қойды

Бүгін, 2025 жылдың 11 ақпанында, Алматы қаласында Қазақстан Жазушылар одағы мен «Алматы облысының музейлер бірлестігі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны арасында өзара ынтымақтастық туралы байланыс орнатты.

Құжатқа Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төрағасы Мереке Құлкенов пен Алматы облысының музейлер бірлестігінің директоры Талғат Келімбетов қол қойды.

Аталған меморандумның негізгі мақсаты – мәдени-ағартушылық бағыттағы ортақ жобаларды жүзеге асыру, музей ісін дамытуға ықпал ету, көшпелі көрмелер ұйымдастыру, ардагерлер мен жастардың басын қосатын кездесулер өткізу және екіжақты ынтымақтастықты нығайту. Сонымен қатар, меморандум аясында қос тарап өзара мүдделілік танытатын басқа да бағыттарда әріптестік орнатуға келісті.

Бұл келісім мәдени мұраны сақтау мен оны насихаттауға, сондай-ақ шығармашылық және ғылыми-ағартушылық қызметті дамытуға жаңа мүмкіндік береді.

Қазақстан Жазушылар одағының
Баспасөз қызметі

Scroll to Top