Қазақстан Жазушылар одағы белгілі қаламгерлермен бірге Атырау қаласына арнайы іссапармен келді. Делегацияны Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төрағасы Мереке Құлкенов бастап барды. Сапардың басты мақсаты – «Жұмысшы мамандығы және Қазақстан жазушылары» тақырыбындағы көшпелі пленум өткізу, жоба аясында қаламгерлер өңірдегі еңбек адамдарының өмірімен етене танысып, өндіріс ошақтарының тыныс-тіршілігін көзбен көріп, қаламгерлік пайыммен зерделеу болатын.
Іссапардың алғашқы нүктесі – Атырау маңында орналасқан полипропилен өндіретін заманауи «Kpi» газ-химия кешені болды. Бұл кешеннің жұмысымен Мемлекеттік органдармен байланыс және кадр қызметі жөніндегі бас маман Өмірзақ Зинуллин, сондай-ақ Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов, ҚЖО ұжымы мен қаламгерлерден құралған делегация танысты.

Айта кетейік, бұл кешен 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен салтанатты түрде іске қосылған болатын. Кешен жылына 500 мың тонна полипропилен өндіреді, бұл — әлемдік өндірістің шамамен 1 пайызына тең көрсеткіш.
Кездесу барысында кешеннің жалпы жұмысы, жылдық өнімнің мөлшері, заманауи жабдықталған технолгиялар таныстырыды. Делегация мүшелері өндіріс басшылығына алғысын білдіріп, еңбек адамының қоғамдағы орны мен маңыздылығына ерекше тоқталды.
