ҚР Ұлттық кітапханасында “Жеңіс жырлары” атты әдеби-сазды кеш өтеді

2025 жылдың 8 мамыр күні, сағат 11:00-де Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық кітапханасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған “Жеңіс жырлары” атты әдеби-сазды кеш өтеді.
 
Әдеби кеш – соғыс жылдарындағы қазақ қаламгерлерінің рухты көтерген, отаншылдық пен қайсарлыққа үндеген шығармаларын дәріптеуге арналған. Іс-шара барысында поэзиялық оқылымдар, прозалық композициялар және патриоттық әндер орындалады.
 
Іс-шара аясында халық ақыны, жырау Нұрпейіс Байғаниннің “Жеңіс жырлары / Песни Победы” атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді. Жинаққа Ұлы Отан соғысы жылдарында жазылған рухты жырлар мен майдан естеліктері енген.
 
“Жеңіс жырлары” әдеби-сазды кеші — бейбіт өмір сыйлаған батырлар ерлігіне тағзым ету, ұрпақ жадында сақталатын әдеби рухани естелік болмақ.
 
Іс-шараға қаламгерлерді, мәдениет өкілдерін, студенттер мен қала тұрғындарын шақырамыз.
 
Байланыс номері: 8707-070-09-01

Scroll to Top