ШЫҒАРМАҒА АРҚАУ БОЛҒАН ШАЛАХМЕТОВ

Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов Алматыда Ұлттық кітапханада өткен «Шалахметов шеңбері» атты кітаптың тұсаукесеріне қатысты.
Кітапта белгілі журналист, мемлекет және қоғам қайраткері Ғаділбек Шалахметовтің өмірі баяндалған, шығарма авторы – танымал қаламгер, публицист Шархан Қазығұлов.
Жиынды Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы, ғалым Қансейіт Әбдезұлы жүргізіп отырды.
Жазушылар Одағының басшысы өз сөзінде Ғаділбек Шалахметовтің үлкен журналистикаға келу жолдарына тоқталды. Атақты мұнайшы Рахмет Өтесінов жайындағы «Сынақ» атты деректі фильмді сол кездегі Бүкілодақтық телевизия түсірген болатын, сценарийін жазған Ғаділбек Шалахметов, режиссері мәскеулік Марина Голдовская еді. Бұл тамаша туындының сол кездегі Орталық телевизия экранына шығуы Шалахметовтің одақтық деңгейде танылуына жол ашты.
Мереке Құлкенов сонымен бірге Ғаділбек Шалахметовтің Тәуелсіз Қазақстанның баспасөз, соның ішінде, телевизия саласының қалыптасып, дамуына қосқан еңбегін ерекше атап, оның мемлекетшіл және адами қадір-қасиеттері жайында баяндап берді.
Жиынға белгілі жазушылар мен журналистер, ғалымдар мен Ғ. Шалахметовтің жақындар мен жора-жолдастары қатысты.

Scroll to Top