«Түркі әлемі әдебиеті сыйлығы» табысталды

26 қыркүйекте қаламгер, ағартушы Ысмайыл Ғаспыралының «Тілде, ойда, істе бірлік» ұранын ұлықтау мақсатында «Түркі әлемі әдебиеті» (балалар әдебиеті) сыйлығы табысталған салтанатты шара өтті.

«Түрік тіл қоғамы» ұйымдастырған жиын Ататүрік мәдениет, тіл және тарих жоғары мекемесінің Билкент кампусында өтті. Іс-шараға «Түрік тіл қоғамының» төрағасы проф. д-р Осман Мерт, ғалымдар мен өнер қайраткерлері қатысты.

Биылғы сыйлық иегерлері қатарында жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты Сәуле Досжан бар. Аталған сыйлықты бұған қоса Әзірбайжан елінен проф. д-р Захид Халилов, Қырғызстаннан проф. д-р Сүлейман Рысбаев, Солтүстік Кипр Түрік Республикасынан Шырын Зафержұлдызы Заимағоғлу, Өзбекстан Республикасынан Миразиз А’зам иеленді.

«Түрік тіл қоғамының» төрағасы, проф. д-р Осман Мерт өз сөзінде түркі әлемінің ортақ құндылықтарын сақтаудың және балалар әдебиетін дамытуға үлес қосатын туындыларды қолдаудың маңызын атап өтті.

Айта кетейік, «Түрік тіл қоғамы» 2022 жылдан бері табыстап келе жатқан бұл сыйлық түркі әлемінің әдебиет саласында ортақ мәдени сананы қалыптастыруды және сапалы балалар әдебиеті шығармаларын қолдауды көздейді.

Scroll to Top