Ұлттық құндылықтар мен қазақ этнографиясы: республикалық экспедиция мүшелерімен өткен дөңгелек үстел

Ақтаудан Атырауға бет алған «Ұлттық құндылық. Қазақ этнографиясы және жазушы, этнограф Зейнолла Сәнік» атты республикалық экспедиция аясында Атырау қаласында зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Бұл жиынның басты мақсаты – қазақ халқының этнографиясын, мәдени және әдеби мұрасын дәріптеу, ұлттық құндылықтарды сақтау мен жаңғырту мәселелерін талқылау болды.

Қазақ этнографиясын дамыту – басты міндет

Дөңгелек үстел барысында Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ә.Жоламанов қатысушыларға қош келдіңіздер айтып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың IV Ұлттық құрылтайда берген тапсырмалары аясында қазақ этнографиясын дамыту бағытында сөз қозғады.

Сонымен қатар, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы М.Кипиев өңірдегі музей ісі және оның археология мен ғылыми-экспедициялық зерттеулер бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады.

Экспедиция мақсаты мен маңызы

Экспедицияны бастап келген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Қ.Бегманов бұл сапардың негізгі мақсат-мүддесін таныстырды. Сондай-ақ, экспедиция мүшелері – тарих ғылымдарының докторы, этнограф-ғалым А.Тоқтабай, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының кеңесшісі, Мәжіліс Қоғамдық палатасының мүшесі, қоғам қайраткері, журналист Ә.Қосан қазақ этнографиясының маңызы мен Зейнолла Сәніктің ғылыми еңбектерінің құндылығына тоқталды.

Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының құрылтайшысы Қ.Зейноллаұлы және қордың атқарушы директоры С.Қалиев қор жұмысы туралы ақпарат беріп, қатысушыларға З.Сәніктің «Қазақ этнографиясы» кітабын сыйға тартты.

Зиялы қауым пікір білдірді

Жиын барысында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Шахман Нагимов, тарих ғылымдарының кандидаты Ж.Жұмабаева, бұқаралық ақпарат құралдары саласының ардагері Т.Берішбаев, қаламгер, этнограф-тарихшы Ерсайын Өміров сөз алып, іс-шараның маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, «Қазақстан Жазушылар Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелігіне Атыраулық талантты ақын-жазушылар Қ.Ғұмаров, Н.Құспанғали, А.Кемалиева, А.Шығыров қабылданды.

Махамбет пен Мұрат Мөңкеұлы рухына тағзым

Экспедиция мүшелері Атырау өңіріне келген сапарында ұлттың азаттығы үшін күрескен дауылпаз ақын Махамбет Өтемісұлы мен жыраулық дәстүрдің көрнекті өкілі Мұрат Мөңкеұлының зираттарына барып, құран бағыштады. Бұл – ұлт руханияты мен тарихи тұлғаларға деген құрметтің айқын көрінісі.

Дөңгелек үстелге өңірдің зиялы қауымы, тарихшылар, жазушылар, мәдениет мекемелерінің басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Бұл жиын қазақ этнографиясын жаңғырту жолында маңызды қадам болып, ұлттық мұрамызды насихаттауға тың серпін берді.

Scroll to Top