ЖАЙЫҚТЫҢ «АҚ ШАҒАЛАСЫ» 80 ЖАСТА

Кеше — 28 тамызда қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Отан», «Құрмет» ордендерінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы, Жайықтың «Ақ шағаласы» атанған ақын, нәзік те сыршыл өлеңдердің авторы 80 жасқа толған Ақұштап Бақтыгереева Жазушылар одағында қонақта болды.

Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төрағасы Мереке Құлкенов ақынның әдебиетке, мәдениетке сіңіріп келе жатқан орасан зор еңбегін жоғары бағалап, мерейтой иесіне ізгі тілегін білдіріп, иығына шапан, басына орамал жауып, гүл шоғын сыйлады.

Өз кезегінде Ақұштап ақын кезінде өзі қызмет жасаған қарашаңырақта болған күндерін сағынышпен еске алып, көзкөрген замандастары туралы естелік айтты.

Сексеннің сеңгірін аттаған ақынның санасы сергек, ойы ұшқыр, бақуатты көрінеді. Кездесуге Жазушылар одағы Басқарма Төрағасының орынбасарлары Қасымхан Бегманов, Бауыржан Жақып, Ғалым Қалибекұлы, Бейбіт Сарыбай, Қазақстанның Халық жазушысы Любовь Шашкова және «Қазақ әдебиеті» газеті Бас Редакторының орынбасары Дархан Бейсенбек, редакция меңгерушісі Еркін Жаппас, Жазушылар одағы аппаратының қызметкерлері қатысып, аймаңдай ақынды шын жүректен құттықтады.

Scroll to Top