
Аннотация
Жас қаламгер өте нәзік тақырыпты шиеленістіре отырып оны адамзаттық ортақ құндылықтармен, философиялық ізденістермен көмкергені көңіл қуантты. Туындыны бір салада ғана қарастырмай, «жақыныңды жоғалтқаннан» кейін қандай сезімде боласың және ол адамды қандай қараңғы ойларға жетелейді (немесе жарыққа), осы сұрақтарға да қорықпай жауап беруге тырысқан.
Оқырман туындыны махаббат реквиемі ретінде де, экзистен циялық қалыптасу ретінде де оқи алады.
