«Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» курсының төртінші күні қатысушылар қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының шығармашылық мұрасымен танысу мақсатында Алматы қаласындағы Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің музей-үйіне барды.

Экскурсия барысында жас қаламгерлер қос алып жазушының өмір жолы, шығармашылық кезеңдері, әдеби ортадағы орны туралы тың мәліметтер алды. Музейдегі тарихи жәдігерлер мен жазушылардың жеке мұралары қатысушыларға қазақ әдебиетінің бай дәстүрін тереңірек тануға мүмкіндік берді.

Бұл сапар жас жазушылардың әдеби танымын кеңейтіп, ұлттық әдебиет классиктерінің шығармашылық тәжірибесінен тағылым алуға бағытталған маңызды кездесулердің бірі болды.

Scroll to Top