«Литературно-познавательная панорама Нового Казахстана»

Цель стратегического партнерства:

«Литературно-познавательная панорама Нового Казахстана» — это один из первых масштабных и значимых проектов нового исторического периода нашей страны. Составленный из известных и талантливых казахских писателей, квалифицированный отряд, состоящий из литературного потенциала региона, создаст панорамную галерею, которая будет четко и без прикрас отражать текущую ситуацию нашей страны и состояние регионов. То есть, писать художественные произведения (стихи, поэмы, баллады, рассказы, хикаи, романы, спектакли, произведения для детей) о истории регионов, географических названиях, мифах и других произведениях художественной литературы и публиковать их.
Проект будет реализовываться по всей территории Казахстана. В период с 2024 по 2026 годы будет составлен график работы, разделенный по регионам на три года. Проект будет реализовываться в соответствии с этим графиком. То есть, проведение литературно-познавательной панорамы в Казахстане позволит поднять восприятие регионов на новый уровень, справедливо раскрыть их культурно-антропологический потенциал и создать произведения, соответствующие требованиям времени. Более того, материалы о регионах могут быть использованы как ознакомительные материалы. После выхода в свет книги читатели смогут получить полную информацию о каждом регионе. К тому же, активное участие литературного сообщества в процессе обновления общественного сознания будет стимулировано.

Краткое описание текущей ситуации и возникших проблем:

Президент страны в своем Послании «Новый Казахстан: путь обновления и модернизации» от 16 марта 2022 года отметил деятельность общественных организаций как «важный фактор устойчивого и всестороннего прогресса страны» и подчеркнул, что «современные задачи, стоящие перед Казахстаном, требуют усиления взаимодействия между государством и неправительственными организациями, а также системного перезапуска институтов гражданского общества».
На сегодняшний день одной из актуальных проблем в сфере творческих союзов является отсутствие компетентных независимых экспертов в области общественного контроля, не связанного с деятельностью органов власти.
Кроме того, отсутствуют постоянно действующие площадки для представителей Союза писателей Казахстана, направленные на формирование правового сознания граждан и развитие общественных инициатив.

Предлагаемые целевые показатели для достижения целей стратегического партнерства:

1. В результате реализации данного проекта ожидается пополнение литературного наследия Казахстана новыми произведениями и литературными исследовательскими трудами. Будет проделана значительная работа по развитию национальной литературы и созданы условия для появления новых произведений.
2. Написание произведений, отражающих историю регионов и новый облик страны.
3. Установление связи с населением на каждой встрече и рассмотрение не менее 5-7 социально значимых вопросов.
4. В целях развития гражданского общества приглашенные эксперты подготовят несколько аналитических заключений и итоговых отчетов.
5. Оказание ряда услуг, направленных на формирование культуры участия граждан в управлении государственными делами.
6. В результате должны появиться как коллективные, так и индивидуальные литературно-исследовательские труды, а главное – художественные произведения. Это, в свою очередь, поспособствует популяризации богатого литературного наследия Казахстана среди населения и окажет положительное влияние на духовно-культурное развитие нации.
7. Известные писатели в составе специальных экспедиций посетят 17 областей страны, а также города Астану, Алматы и Шымкент, ознакомятся с современной жизнью регионов, их общественно-социальным укладом, бытом, духовным и историческим наследием, а затем подготовят серию литературно-познавательных книг.
8. Выпуск уникальной серии новых произведений под названием «Литературно-познавательная панорама Нового Казахстана».
9. Распространение книги по библиотекам по всей стране.

Стратегиялық әріптестіктің мақсаты:

Жазушылар одағының мәдениет саласындағы 89 жылдық тәжірибесіне сүйеніп, отандық және шет елдік мәдениеттанушылар, философтар, әлеуметтанушылар, киногерлер, театртанушылармен жұмыс жасап, қазақстандық әдебиетшілердің жоғары сапада білім алуына жағдай жасау, кенжелеп қалған детектив, фэнтези жанрларын дамыту. Қазақстан Жазушылар одағының жанынан құрылған «Жазушылардың шеберлік мектебі» білікті қазақ қаламгерінің мәртебесін айқындап, ұлттық әдебиеттің, көркем аударма жанрының дамуы жолындағы өзектілігін танытады. Төмендегідей бағыттарға аса назар аударылады: 1. Әдебиет саласы бойынша халықаралық байланыстарды орнату және дамыту жолдары; 2. Қазақстандық әдебиеттің беделін және мемлекет ішіндегі қызметінің белсенділігін арттыру; 3. Көркем әдебиет саласында аударма жасаудың озық тәжірибелерін игеріп, үздік үлгілерін қалыптастыру; 4. Қазақ ұлттық әдебиетінің үлгілерін шет мемлекеттерде насихаттау және төл әдебиетті көркем аударуға ден қою; 5. Балалар әдебиетін жеке жанр ретінде дамыту; 6. Авторлармен жеке жұмыс жасау және кітап шығару ісін бірізділікке түсіріп, мемлекеттік стандарттарды қалыптастыру; 7. Орталық Азия өңіріндегі жетекші әдеби мемлекет ретінде жалпыаймақтық бағдарламаларын бекіту;

Ағымдағы жағдайдың,орын алған проблемалардың қысқаша сипаты:

Шеберлік мектебі кемінде 25-30 жас қаламгерлердің шығармашылығының дамуына көмектеседі, Бүгінгі таңда жастардың алдында қандай өзекті проблемалар тұр, соған орай өз ұсыныстарын береді; Азаматтық қоғамды дамыту мәселелері бойынша кемінде 3 сараптамалық қорытындылар дайындау; Қазақ әдебиетінің қабырғалы қаламгерлері мастер-кластар өткізеді. Жоба өскелең ұрпақты ұлттық әдебиетіміздің алтын бастауларында тұрған тұлғалар шығармаларын насихаттау арқылы рухани кеңістікті кеңейтуге, бүгінгі заман әдебиетінің жай-күйін білуге мүмкіндік туғызады. Жоба болашақта жас ақын-жазушыларды тәрбиелуде үлкен жұмыс атқарады. Енді жазып бастаған жастарға өткізген сабақтар оң нәтижесін береді. Болашақ ақын-жазушыларды дарялаудың алғашқы баспалдақтары болып табылады.

Стратегиялық әріптестіктің мақсаттарына қол жеткізудің ұсынылатын нысаналы көрсеткіштері:

1. Аталған жобаның нәтижесінде Қазақстанның әдеби мұрасына тың шығармалар, әдеби зерттеу еңбектері қосылады деп күтілуде.  Әдебиетіміздің дамуына елеулі іс атқарылып, жаңадан шығарма тууына жағдай жасалады.
2. Өңірлердің тарихы, еліміздің жаңа келбетін суреттеген шығарма жазу.
3. Әр кездесуде халықпен байланыс орнатылып, кем дегенде 5-7 әлеуметтік маңызды мәселені қарау.
4. Азаматтық қоғамды дамыту мақсатында қатысып отырған сарапшылар бірнеше қортынды жасап, аналитикалық есеп беру.
5. Мемлекет істерін басқаруға қатысу мәдениетін қалыптастыру бойынша бірнеше қызмет көрсету.
6. Нәтижесінде, шығармашылық топтың ортақ немесе жекелеген әдеби-зерттеу еңбектері және ең бастысы көркем шығармалары дүниеге келуі тиіс. Бұл өз кезегінде Қазақстан халқының бай әдеби мұрасын халыққа жеткізуіне, ұлттың рухани-мәдение өркендеуіне оң әсерін тигізеді. 
7. Белгілі қаламгерлер еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларына арнайы экспедициялар құрамында барып, сол өңірлердің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, аймақтардың және мегаполистердің қоғамдық-әлеуметтік ахуалы мен тұрмысы, руханияты мен тарихы туралы әдеби-танымдық кітаптардың сериясын дайындады.
8.  «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» атты жаңа туындылардан тұратын бірегей сериясын шығару.
9. Кітап еліміздің түкпір-түкпіріндегі кітапханаларға таратылады.

Стратегиялық әріптестіктің мақсаты:

Шығармашылық одақ ұйымдарының мемлекеттік органдармен ынтымақтастығын нығайту, сараптамалық қоғамдастықпен, халықаралық ұйымдармен әріптестік қатынастарды жолға қою, соған қоса, жазушылар шығармашылығын дамыту саласындағы практикалық тәжірибе мен біліммен одан әрі алмасу үшін қоғамдық ұйымдардың әріптестік желісін дамыту. Әдебиетшілер театры ескі сүрлеумен емес, әлемдік бәсекеге қабілетті батыл реформалық өзгерістермен жұмыс жасайды. Мақсаты: драматургия жанрындағы әдістемелерді зерделеу, талқылау, тәжірбие және пікір алмасу. Жас драматургтерді ынталандырып, олардың осы жанрға деген қызығушылықтарын арттыру. Себебі бүгінгі күні олардың саны мүлдем аз. Әдебиетшілер театры тәуелсіздіктің биік талаптарына сай, осы заманғы тақырыптарға жазылған, көркемдік сапасы жоғары жаңа пьесалардың болуына мүмкіндік жасау.

Ағымдағы жағдайдың,орын алған проблемалардың қысқаша сипаты:

Кейінгі ширек ғасыр көлемінде елімізде драматургиялық шығармалардың азайып кетуін, бұл жанрдағы туындылардың саябырсуын ескере отырып, Қазақстан Жазушылар одағы драматургиялық туындылардың республикалық байқауын жариялап, үздік шығармаларды сахналау үшін Әдебиетшілер тетарын ашуды мақсат етіп отыр. Бұл театр жұмысына жас драматургтер мен жас режиисерлер тартылып, Жаңа Қазақстанның руханиятына үлкен үлес қосатын тың шығармаларады сахналау қолға алынбақ. Ел Президенті 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында қоғамдық ұйымдардың қызметін «елдің орнықты және жан-жақты ілгерілеуінің маңызды факторы» деп атап, «бүгінгі таңда Қазақстан алдында тұрған міндеттер мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын күшейтуді, азаматтық қоғам институттарын жүйелі түрде қайта жүктеуді талап ететінін» атап өтті. Бүгінгі күні шығармашылық одақ саласында драматургтердің, театр сыншыларының азайып кетуі үлкен проблема болып табылады.

Стратегиялық әріптестіктің мақсаттарына қол жеткізудің ұсынылатын нысаналы көрсеткіштері:

1.Қазақ әдебиетін жарнамалау – жазушыларды қолдаудың ең үлкен іс-шарасы болуды көздейді. 2.Жаңа Қазақстанның жарқын болашағын жас ұрпақ үшін қалыптастыруды мақсатында осы жоба арқылы қазақ әдебиетінің үздік драматургиялық шығармаларын тетр сахнасына алып шығу, бұл ретте шығармашылық одаққа мүше болып отырған драматургтер мен режиссерлердің, сыншылар мен ақындардың әлеуетін пайдалану. 3.Байқау арқылы драматургиялық шығармалардың қатарын көбейту; • Отандық авторлардың санын арттыру; • Жас таланттардың шығармашылығын қолдау; • Қазақ драматургиясына жаңа леп келуіне ықпал жасау; • Драматургия, либретто жанрларына музыка жазуға бейім жас қазақ композиторларына және либретто жазуды меңгерген драматургтер мен режиссерлерге жарқын жол ашуға мүмкіндік беру. 4.Драматургия жанрларының (драма, трагедия, комедия) тың драматургия туындылары арқылы (пьесалар, спектакльдер, либреттолар) ұлттық классикалық дәстүр жолын жаңғырту;

Стратегиялық әріптестіктің мақсаты:

1. Халқының мәдени және рухани деңгейін көтеру. Соған орай, жастармен кездесіп, кітап оқуды насихаттау, көркем шығарманы оқуға қызықтыру, балаларды кітап оқуға шақыру. 2. Кездесудің басты мақсаты – ұлттық болмысымызға негізделген рухани құндылықтарымызды дәріптеу, мемлекетіміздің саясатын насихаттау, Тәуелсіздігіміздің куәгері, ел тарихының бастауы және алтын қазығы болған туған еліміздің абыройын асқақтатып, бүгінгі болмысын көрсету; – Облыс немесе қаланың әр ауданындағы жергілікті тұрғындармен (кемінде 50 адам) кездесіп, халықтың жай-күйі, хал-ахуалымен танысады; – Кездесуде қаламгерлер шығармашылығымен халықты таныстыру; – Әрбір кездесу әлеуметтік желілерде, түрлі сайттарда, Жазушылар одағының парақшасында насихатталып отыруы қажет; – Қатысып отырған ақын-жазушыларымыз туған өлке, Отан, қала тарихы мен тіршілігі тақырыптарында түрлі мақалалар жазады; – Қаламгерлердің «Әдеби насихат пулы» жобасының жұмысы аясында аясында жазған мақалалар республикалық газет-журнал беттерінде жарияланып, бірнеше сайттарда шығуы тиіс;

Ағымдағы жағдайдың,орын алған проблемалардың қысқаша сипаты:

1. Ел Президенті 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында қоғамдық ұйымдардың қызметін «елдің орнықты және жан-жақты ілгерілеуінің маңызды факторы» деп атап, «бүгінгі таңда Қазақстан алдында тұрған міндеттер мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын күшейтуді, азаматтық қоғам институттарын жүйелі түрде қайта жүктеуді талап ететінін» атап өтті. 2.Жаңа Қазақстан саясатының басым бағыттары мен жаңа заман әдебиетін насихаттау

Стратегиялық әріптестіктің мақсаттарына қол жеткізудің ұсынылатын нысаналы көрсеткіштері:

1. Кездесулерде аға буында ғана емес, әдебиеттегі дарынды жастардың шығармашылығын шыңдап (әдебиетке жаңадан келіп жатқан бірнеше жастардың қатысуымен), олардың қаламынан туған тың дүниелерді қала тұрғындары, оқырмандар арасында насихатталады. 2.«Әдеби насихат пулының» мақсаты мегаполистің әр аудандарында қаламгерлермен кездесулер ұйымдастырып, ұлттық болмысымызға негізделген рухани құндылықтарды дәріптеу. 3. Бүгінгі таңда жастардың алдында қандай өзекті проблемалары жөнінде өз ұсыныстарын береді; 4. Азаматтық қоғамды дамыту мәселелері бойынша кемінде 3 сараптамалық қорытындылар дайындау; Жоба өскелең ұрпақты ұлттық әдебиетіміздің тұлғаларының шығармаларын насихаттау арқылы рухани кеңістікті кеңейтуге, бүгінгі заман әдебиетінің жай-күйін білуге мүмкіндік туғызады. Кездесулерде тікелей әдеби үдерістің ең өзекті деген мәселелері сөз болады. Жанрлық ерекшеліктерге (проза, поэзия, драматургия, сын, балалар әдебиеті, аударма), жиынға қатысушылардың мәдени, географиялық ерекшеліктеріне байланысты әңгіме өрбиді. Жоба Қазақстанның бүкіл өңірін қамтиды.

Стратегиялық әріптестіктің мақсаты:

«Жаңа Қазақстан көркем әдебиетінің Батыстың әдеби жобаларымен ынтымақтастық байланысы» жобасы – әдебиетіміздің жаңа тарихи кезеңінің алғашқы ауқымды әрі мұраты зор жобасының бірі. Басты мақсаты: – Танымал, талантты қазақ қаламгерлерінің шығармаларын бүгінде шамамен 375 миллион адам үшін ағылшын тілі бірінші немесе ана тілі болып табылатын Ұлыбритания, АҚШ, Канада. Австралия және т.б. мемлекеттермен қатар Кения, Пәкстан, Нигерия, Уганда және Оңтүстік Африка республикасы сияқты елдерге де тарату. - Қазақ әдебиеті арқылы еліміздің руханиятын, мәдениетін, тарихын және т.б. ұлттық ерекшеліктерін әлемге таныстыру. - Қазақ әдебиетін әлемге, соның ішінде Батыс елдеріне толық таныстыру және рухани абырой-беделін көтеру.

Ағымдағы жағдайдың,орын алған проблемалардың қысқаша сипаты:

Жоба бүгінде шетелдеотандық әдебиеттің аз ұсынылуы; әлемдік мәдени трендтерге сай қазақстандық жас руанияттың дамымауы; отандық әдеби әлеуетті шетелге экспорттаудың баяу жүруі.

Стратегиялық әріптестіктің мақсаттарына қол жеткізудің ұсынылатын нысаналы көрсеткіштері:

1. Еліміздің бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігімен таныстыратын, қоғамдық-әлеуметтік ахуалын, тұрмысы мен руханиятын, тарихы мен табиғатын бүгінгі кезеңмен байланыстырып сипаттай алатын әдеби-танымдық шығармаларды ағылшын тілінде сөйлету. 2. Батыстың әдеби басылымдарында жарыққа шығару.

Стратегиялық әріптестіктің мақсаты:

Жастар мен жасөспірімдерді қызықтыратын көркем шығарма жанрларын кино, сериал, музыка, театр, бейнелеу өнері, аниме өнерлерінің көмегі арқылы кітап оқуға тарту. Көркем әдебиеттерді оқу, оларды мазмұндау, әңгімелеп беру, кітап оқудың конкурстарына қатысу сияқты осы ойын-сауық-ағарту жобасы әлеуметтік желілердегі парақшалар мен подкастар арқылы дәріптеу. Жасөспірімдер жақсы көретін барлық поп-мәдениеттің негізінде кітап тұрғанын көрсету арқылы жас оқырмандарды баурап алу. Жобаға режиссерлер, драматургтер, суретшілер, музыканттар тартылады, олар жобадағы кітап оқу конкурстары негізінде өз туындыларын жасай алады. Жобаның мақсаты: - - Кітап оқитын жастар мен жасөспірімдердің кітап оқитын қауымдастығын құру; пікірлер кеңістігін ашу, - Кітап авторлары мен сарапшыларының дәрістері арқылы оқырманға білім көкжиегін ашу; - Кітап оқу клубтарын көбейту; - Жастарды үлкен аудиторияға тарту; - Жасөспірімдерді нағыз кітапқұмар жанға айналдыру.

Ағымдағы жағдайдың,орын алған проблемалардың қысқаша сипаты:

Әр мектепте кітап оқу клубының ашылмауы. Мектептерге түрлі саладағы сарапшылардың шақырылмауы, кітаптарды талқылау үшін клубқа кітап авторы, кітап редакторы жиі келмеуі. Кітап оқудың қыры мен сырының таныстырылмауы.

Стратегиялық әріптестіктің мақсаттарына қол жеткізудің ұсынылатын нысаналы көрсеткіштері:

1. Жоба қазақ әдебиетін жарнамалау, насихаттау, дәріптеу – жазушыларды қолдаудың ең үлкен іс-шарасы болып, қазақ әдебиетінің шығармаларының халық арасында кеңінен қанат жаюы жұмысы бойынша үлкен жұмыс атқарады. 2. Болашақ ақын-жазушыларды дарялаудың алғашқы баспалдақтары болып табылады. 3. Креативті кітаптармен таныса отырып баланың ізденушілік, зерттеушілік, эвристикалық әдістермен жұмыс жасауы артады, қиялдауға итермелейді, қысылмай өз ойын айтуға мүмкіндік береді. 4. Жасөспірімдердің тұлғалық бейнесін қалыптастыруда тигізер өнегесі мол.

Мақсаты:

Жас қаламгерлерді өз дәуірін жазуға ынталандыру, олардың қаламгерліктің заманауи үлгісімен және кәсіби түрде айналысуына жағдай жасау мақсатында «Жас қаламгерлер гранты» жобасы. Бұл жоба арқылы қалыптасқан қаламгерлеріміз тың туындыларын жазып, оны әлем тілдеріне аударып, әдеби агенттер арқылы оқырман назарына ұсынса, сатылымның арқасында өздеріне де тиесілі пайда көретін жағдайға жетеді. Осының нәтижесінде қаламгерлеріміз әлемнің дамыған елдеріндегі үлгіге сәйкес жазушылықты кәсіпке айналдырады деген сенімдеміз.

СОЮЗ ПИСАТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА

Контактный центр

Электронная почта

© Союз писателей Казахстана

Республика Казахстан, г. Алматы, ул. Абылай хана 105

Прокрутить вверх