
Аннотация
Ақын Cыр елі, жыр елі атанған Қызылорда қаласына сапарында сол өңірдің әдеби-мәдени өмірін және Аралдың қасіретін өзінің «Жыр-Дария» өлеңдер топтамасына арқау еткен.
Сыр өңірінің жан дүниесіне үңілген ақынның жырлары биіктікке, тазалыққа, өнерге жаны құмар халықтың жүрегіне жетеді деп сенеміз.
Сырда туғандар үшін ғана емес, кітаптың әрбір оқырманының елге, жерге деген махаббатын оятары сөзсіз.
