ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қанипаш Қайсақызы Мәдібаеваның 75 жасқа толуына орай «Әдебиет тарихы және өзекті мәтінтану: зерттеу, оқыту тәжірибелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Ісләмжанұлы Матыжанов жүргізді. […]

