Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, классик жазушы, тарихшы-ғалым, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мұқанұлы Мағауиннің қазасы жазушы қауымды есеңгіретіп кетті. Келесі айда 85 жасқа толатын Қаламгердің мерейтойы төрткүл дүниеде тойланып жатар еді, амал нешік, рақымсыз ажал аялдатпады.
Мағауин әдебиетке үлкен олжа салған аса талантты жазушы. «Көк мұнар», «Бір атаның балалары», «Көк кептер», «Аласапыран», «Шахан шері», «Мен», «Жармақ» қатарлы прозалық кітаптары мен «Қазақ тарихының әліппесі», «Қобыз сарыны» секілді тарихи-танымдық еңбектерді дүниеге әкелді. Әдебиетке де, тарихқа да өлшеусіз үлес қосқан қалам иесінің мол мұрасы алтын қорымызда мәңгі сақталып, келешек ұрпаққа шарапатын тигізе беретініне сеніміміз мол.
Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төрағасы Мереке Құлкенов Мағауиндер отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Марқұмның жаны жаннатта, топырағы торқа болсын!Жазушылар одағының
Баспасөз қызметі