Ақын шығармашылық жолында халық мұңын, елдің арман-тілегін, қазақы болмысты өлеңіне арқау етті. Оның жырлары шынайылығымен, өміршеңдігімен оқырман жүрегіне жол тапты.
Ақынның «Жеріңе табын», «Біздің елдің жігіттері», «Жанқисса», «Амал жоқ қайттым білдірмей», «Есіл дүние-ай» сынды жыр жинақтары жарық көріп, қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылды. Сонымен қатар, ол айтыс өнерінде де жарқырай көрініп, халықтың сүйікті ақындарының біріне айналды.
Есенқұл Жақыпбек – ұлттық поэзиямыздың шоқтығы биік өкілі. Бүгінде оның жырлары ел жадында жаңғырып, оқырманның жүрегінде өмір сүріп келеді.
Қазақстан Жазушылар одағының Баспасөз қызметі
