Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, талантты жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабеков 82 жасында дүниеден өтті. Қаралы хабарды ұлы Естияр Дулатұлы мәлімдеді. Дулат Исабеков – тұтас бір дәуірдің шындығын суреттеген қайталанбас қаламгер. Оның «Гауһартас», «Қарғын», «Сүйекші», «Жаужүрек», «Тіршілік», «Біз соғысты көрген жоқпыз», «Екі жиырма» сынды шығармалары қазақ прозасының алтын қорына енді. Драматургияда да ерекше қолтаңбасы бар. «Әпке», «Ескі үйдегі екі кездесу», «Мұрагерлер», «Жеті желкен» пьесалары қазақ театр өнерінің жауһарына айналды. Қазақ әдебиетінің қара нары атанған қаламгердің орны толмас, бірақ оның қалдырған асыл мұрасы – мәңгілік.
Марқұмның жаны жәннатта, топырағы торқа болсын! Қазақстан Жазушылар одағының Баспасөз қызметі
