
Кездесу Қазақстан Жазушылар Одағының Атырау қаласындағы көшпелі отырысы аясында қазіргі қазақ әдебиетінің даму бағыттары мен әдебиеттегі өндіріс тақырыбын талқылау мақсатында ұйымдастырылып, шараға Атырау университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты. Рухани мазмұны бай бұл басқосу — тек ресми жиын ғана емес, рухани сұхбат алаңы ретінде өрбіді.
????️«Көктемнің құлпырған шағында Жазушылар одағының мүшелерімен Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Атырау университетінде жүздесіп отырмыз. Алаш ардақтысы Халел Досмұхамедовтың атын арқалаған Атырау университеті Қазақстандағы оқу орындары арасында алғашқы ондыққа кіретін 85 жылдық тарихы бар оқу ордасы. Бұл университетте ұстазымыз Зейнолла Қабдолов сабақ беріп, бірнеше ғылым кандидаттары мен докторларын шығарған. Университетпен Жазушылар одағымен тығыз байланысы арата бересін», — деді ҚЖО Басқармасының хатшысы Қансейіт Әбдезұлы. Одақ өкілі ұйымның 90 жылдық мерейтойына арнап шығарылған күміс белгі мен алтын қаламсапты Атырау университетінің музейіне және Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 100 жылдығына мемлекеттік тапсырыспен шығарылған кітапты оқу ордасының кітапхана қорына табыстады.
????Кездесуде қаламгерлер жазушылардың шығармашылығына, әдеби сын мен рухани жаңғыру үдерісіне, қазіргі қазақ әдебиетінің ахуалы, әдебиеттегі өндіріс пен жұмысшы мамандықтар тақырыбына қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.
????Кездесу барысында күйші Шәміл Әбілтаев өз репертуарындағы әйгілі күйлерді орындап, ақын Иранбек Оразбаев, Шахизада Әбдікәрімов, Алмас Ахметбек, Аманғазы Кәріпжан сынды айтулы ақындар өлең оқыды. Кездесу соңында Атырау университеті ұжымы алыстан келген ақын-жазушыларға естелік кәдесыйлар табысталды.
