
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматы қаласындағы «Медеу» спорт кешенінде Мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсімі өтті.
Ел рухын асқақтатқан патриоттық іс-шараға қала әкімі Дархан Сатыбалды, Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төрағасы Мереке Құлкенов, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері, мәдениет пен спорт қайраткерлері, қоғам белсенділері, Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелері және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Шара барысында Б. Байқадамов атындағы хор капелласы мен Алматы гарнизонының үрлемелі оркестрі Мемлекеттік Әнұранды орындап, мерекелік атмосфераны ерекше әсерге бөледі. Одан кейін көпшілік назарына шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздардың қатысуымен патриоттық мазмұндағы концерттік бағдарлама ұсынылды.
Айта кетейік, Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік іс-шаралар қала көлемінде жалғасуда.

