17 қазан

Құрметті оқырман!

2025 жылғы 17 қазан күні ҚР Ұлттық кітапханасы ғимаратында «Қоңыратбаевтар әлемі және ұлттық руханият мәселелері» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференциясы өтеді.

Конференция барысында қонақтарға ағайынды Қоңыратбаевтар еңбектерінен жасақталған кітап көрмесі ұсынылады және «Қоңыратбаевтар династиясы», «Біртуар. Тынысбек Қоңыратбаев» деректі фильмінің тұсаукесері өтеді. Сонымен қатар, конференция барысында Қалжан және Әлібек Қоңыратбаев шығармалары мен профессор Тынысбек Қоңыратбаевтың 3 томдық «Руханият әлемі» шығармалар жинағының және музыкалық шығармаларының тұсауы кесіледі.

Конференцияда отандық және шетелдік ғалымдар баяндама жасайтын болады.

Әдебиетсүйер қауымды аталмыш шараға қатысуға шақырамыз!

Scroll to Top